Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен 6-28 қыркүйек аралығында Қазақстан халқы тілдері күніне арналған ХХІІІ қалалық Тіл фестивалі өтуде. Фестиваль аясында баспасөз хатшылары, әкімдікке қарасты мекемелердің қоғаммен байланыс бөлімдерінің мамандары және болашақ журналистерге арналған «Тіл тазалығы» атты тренингі өтті