ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Театрымыздың негізін қалаушы, талантты режиссер, халықаралық театр фестивальдерінің жүлдегері, ең таза, ең сұлу да саф өнерге ғұмырын арнаған Айжан Кәрібайқызы Салаева Мәдениет және өнер қызметкерлері күні қарсаңында, «Мәдениет саласының үздігі» атанды. Балаларға базарлық болар талай қойылымдардың авторы және режиссері, сырлы суреткер, алғыр ұйымдастырушыны шын жүректен құттықтаймыз!