Астанада алғаш рет, елордалық «Қуыршақ Театры» «Дара» қорымен бірлесіп, тұрақты театр көрермендерімен бірге нашар көретін, мүлдем көрмейтін зағип балаларды әлеуметтік өмірге бейімдеу мақсатында бірегей жоба әзірледі. 18 қаңтар күні сағат 10.00-де орыс тілінде, 11.30-да қазақ тілінде нашар көретін және мүлдеп көрмейтін зағип балаларға аудиодескрипцияның көмегімен «Түйме қыз» қойылымын ұсынды.