Қуыршақ театрында «Сарыарқа» ауданы «Nur Otan» партиясы мен «Меридиан» алғашқы партия ұйымының қолдауымен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «30 жыл, 30 керемет сыйлық» атты қайырымдылық іс-шарасы өтті. Аталмыш акцияның мақсаты көпбалалы аналар мен аз қамтылған отбасыларға қамқорлық таныту. Іс-шара аясында Парламент мәжілісінің депутаты Назиля Газзак, қалалық маслихат депутаты Гүлжанат Жапарова сөз сөйлеп, көрермендерді Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.

Phone: +7 (7172) 43-96-24
Email: teatrkukol_astana@mail.ru
РК, г.Астана
проспект Республики, 3