28 қазаннан бастап Нұр-Сұлтанда «TEATR ALL Nur-Sultan Week» театр фестивалі басталады.
Елордадағы театр апталығы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналып, 1 қарашаға дейін жалғасады. Елордалық театрлар ауқымды іс-шара аясында өздерінің үздік қойылымдарын көрсетеді, сондай-ақ қонақ ретінде Ресейден келген ұжымдар да қатысады.

Күн сайын көрермендерді қызықты бағдарлама күтеді, онда кез келген талғамға сай спектакль таңдауға болады.
Театр апталығы аясында 11 шығармашылық ұжым 20 – дан астам қойылым көрсетеді.Нұр-Сұлтандағы театр фестивалі Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған.

Айта кету керек, іс-шараларға кіру қатаң түрде «Ashyq» қосымшасы арқылы жүзеге асырылады. Сондай-ақ, келушілер маска режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтауы керек.

Phone: +7 (7172) 43-96-24
Email: teatrkukol_astana@mail.ru
РК, г.Астана
проспект Республики, 3