«БЕКІТЕМІН»
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің
«Қуыршақ театры» МКҚК
директоры
______________Т.Хасанғалиева
Театрға келушілер ережесі
Жалпы ережелер
- Театр ережесі бұзылған жағдайда, әкімшілік көрерменді билет құнын өтемақысыз театрға кіргізбеуге немесе шығаруға құқылы.
- Фото және бейнетүсірілімдер жасауға рұқсат етілмейді.
- Театр аумағына кез келген қару түрлерін, соның ішінде түйрегіш және кесетін заттар, шыны және пластикалық ыдыстар, азық-түлік заттары, пиротехника, есірткі, психотропты және уландырғыш заттар, балалар бесік арбасын, велосипедтер, самокаттар, сондай ақ, іс-шара барысында көрермендердің жағдайы мен қауіпсіздігіне кедергі келтіретін заттарды алып келуге рұқсат етілмейді.
- Ұйымдастырушылар тарапынан іс-шара өзгертілген немесе болмайтын жағдайда билет қайтарылады.
- Билет иесі ұйымадастырушылар тарапынан жүргізілетін іс-шараның фото, бейне немесе теле түсіріліміне қатысуы мүмкін.
- Театрға билетті көрсеткен жағдайда кіре алады, әкімшілік тарапы жеке куәлігін талап еткен жағдайда, билет иесі көрсетуі тиіс.
- Басқа үшінші тұлғадан алынған билет үшін театр әкімшілігі билеттің растығына жауап бермейді.
- Билетті сатып алу кезінде театр қойылымдарының жас санатын ескеру қажет.
- Жас санаты театрдың афишаларында, репертуарларында және билеттерінде көрсетіледі.
Театрға келу ережелері
- Театр қойылымдарына билет алған жағдайда, көрермен аталған ережелерге келісім бере отырып, театр ғимаратында қоғамдық тәртіпті сақтауға келіседі.
- Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 193-IV «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» туралы заңына сәйкес театр ғимаратында темекі шегуге рұқсат етілмейді.
- Көрермен қоғамдық тәртіпті және театр ғимаратында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға міндетті, театр мүлкіне ұқыпты қарауға, егер театр мүлкіне материалдық шығын келтірген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес толық көлемде өтелуі тиіс.
- Іс-шара өту барысында барлық байланыс құралдары өшірілуі немесе «дыбыссыз» режимге қойылуы қажет.
- Көрермен іс-шараға сәйкес үлгіде киінуі қажет. Театр қойлымына шолақ шалбар, майка және сланцы аяқ киіммен келуге болмайды. Көреремендер залына сыртқы киіммен кіруге және оны алып кіруге рұқсат етілмейді. Жаңбырлы ауа райы кезінде ауысымды аяқ киім немесе бахиласыз кіруге, сонымен қатар көрермендер залына үлкен сөмкелер, портфель, шабадан, балалар бесік арбасын, велосипед, самокаттар, фотоаппаратты, бейнекамераларды, плеерлерді, магнитофондар және басқа да, аудио-бейнежазба құралдарын, тағам және сусындарды алып келуге рұқсат етілмейді.
- Театр гардеробындағы жеке заттар немесе киім ілінген нөмір жоғалған жағдайда, көрермен гардероб қызметкеріне немесе кезекші театр әкімгеріне жүгінуі қажет.
- 3 жасқа дейінгі балалар ата-анасымен бірге кіруге болады, балалардың қауіпсіздігіне бірге келген ересек кісілер жауапты. 3 жастан асқан балалар билеттің толық құнын төлейді.
- Көрермен залына бірінші қоңырау соғылған соң кіру қажет және үшінші қоңыраудан кейін есіктер жабылады.
- Алдын ала ескертусіз театр әкімшілігі қойылымдардың және концерт әртістерінің құрамын өзгертуге құқылы. Әртістер құрамының өзгеруі билетті қайтаруға негіз болып табылмайды.
- Авторлық құқықты қорғау мақсатына сәйкес, көрермендерге кино, бейне, фототүсірілімдер және аудиожазбаларды жасауға рұқсат етілмейді. Концерт және спектакльдер театрдың және қоюшыларардың зияткерлік меншігі болып табылады.
- Көрермендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсаиында теар ғимаратында өртенгіш, жарылғыш, улы, иісті және радиоактивті заттарды, түйрегіш және кесетін заттар, пиротехникалық құрылғылар, лазерлік шамдар, есірткі заттар, алкагольді ішімдіктер, шабадандар, ірі түйіншектер және сөмкелер, жануарлар рұқсат етілмейді, басқа көрермендердің киімдерін былғайтын заттармен немесе кір жұқтыратын киіммен кіруге тыйым салынады.
- Көрермендер залының сатыларында және жүру орталарында тұруға және отыруға, орнатылылған қоршауларға кіруге, кіруге тыйым салынған орынжайларға рұқсат етілмейді, жазба жазуға және хабарламалар жапсыруға, плакаттар және басқа да ақпараттық мазмұндағы өнімдерді, нәсілдік, әлеуметтік, ұлттық және діни араздықты қоздыратын бейнелемелерді көрсетуге рұқсат етілмейді.
- Театрға кірер алдын қауіпсіздік қызметкерлерінің өтінімі бойынша, көрермендер театрға кіргізетін сөмкелерді, қалталарды, жолдорбаларды, түйіншектерді, театр ғимаратына алып келуге тыйым салынған заттарды анықтау мақсатында тексеруден өткізуге міндетті.
- Қойылым басталған соң, көрермендер залына кіруге тыйым салынады. Кешігіп келген көрермендер ережеден тыс залдағы бос орындардан (бар болған жағдайда) қойылымының бірінші актісін көре алады және антракт кезінде билетте көрсетілген орындарына отыра алады.